Талдықорған -Үштөбе тас жолындағы жол апатынан 2 адам қаза тапты

Талдықорған -Үштөбе тас жолындағы жол апатынан 2 адам қаза тапты

Талдықорған -Үштөбе тас жолындағы жол апатынан 2 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Бүгін Талдықорған - Үштөбе тас жолының 5-шақырымында Toyota Windom және Toyota Sienna көліктері соқтығысқан. Жол апатынан екі әйел оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, көліктердің бірінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.
«Toyota Windom көлігінің ішінде болған  75 және 34 жастағы екі жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші мен тағы үш адам Талдықорғандағы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.
Ведомствода апатқа қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын атап өтті.