Қырғыз елінде фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

Қырғыз елінде фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

Қырғыз елінде фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
ашық дереккөзі
51029
Қырғыз Республикасында 2023 жылдың қаңтарынан бастап фонограммамен ән айтуға тыйым салынды деп хабарлады turkystan.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. Тиісті бұйрыққа Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі қол қойды. Құжатта барлық мемлекеттік мәдени-ағарту мекемелері, атап айтқанда, театр, спорт мекемелері, филармония, концерттік зал, кинотеатр, клуб, мұражайлар, министрлік қарамағындағы кітапханаларда өткізілетін концерттердегі вокалдық қойылымдардың барлығында жанды дауыспен өнер көрсету керектігі айтылған. Бұйрықтың орындалуына жауапкершілік осы мекемелердің басшыларына жүктеледі.

Серіктес жаңалықтары