Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
50523
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады. Оралов Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті. Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген. 2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а. 2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры. 2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары. 2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі. 2021-2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары. 2022 жылдың 2 ақпанынан Amanat (Nur Otan) партиясының атқарушы хатшысы.

Серіктес жаңалықтары