1 қаңтарда Қазақстанда 782 бала дүниеге келді

2023 жылдың бірінші күні Қазақстанда 782 бала дүниеге келді, – деп хабарлады Turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа жылдың бірінші күні республиканың перзентханаларында өмірге келген 782 баланың 398-і ұл және 384-і қыз, оның ішінде үш жұп – егіздер.
Мереке күні туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 115 бала, екінші орында – оңтүстік мегаполис Алматы 83 балаға толықты және туу бойынша үшінші Шымкент қаласы, онда бірден 69 қазақстандық дүниеге келді.
Республиканың астанасында 1 қаңтарда 60 баланың туған күні болады.