Жыныс мүшесіне есірткі тыққан әйел полицейлерді айыптады

Жыныс мүшесіне есірткі тыққан әйел полицейлерді айыптады

Жыныс мүшесіне есірткі тыққан әйел полицейлерді айыптады
ашық дереккөзі
Ақтөбе соты есірткі тасымалдаған әйелдің ісін қарады.  Айыпталушы өзіне қарсы қылмыстық істі қолдан жасады деп полицейлерді айыптады деп хабарлайды NUR.KZ. 36 жастағы күдікті Елена Руденко есірткіні жыныс мүшесіне тығып өткізген. 2016 жылдың жаз айында полиция қызметкерлері күдікті әйелді автовокзалдың перронында ұстаған. Полицейлердің қолында жолушының есірткіні әкетіп бара жатқаны жайлы шұғыл ақпарат болған. Алайда қай жерде екені жайлы нақты ешкім білмеген. Тек гинекологтың кабинетіне келген кезде ғана Еленадан салмағы 109,13 грамм есірткі табылған. Енді сот алдына келген күдікті полицейлердің өзіне жала жауып отырғанын айтады. Ол тіпті өзінің жауабымен прокурор мен сотты таңырқатты. "Мен есірткі қолданам. Көлік жуу тұрағында жұмыс істеймін. Мен Қостанайға аспаздың көмекшісі болуы үшін фирмаға жұмысқа тұруға барғанмын. Перронда отырған кезімде қасымнан бір жігіт жүгіріп өтті. Оның артынан полиция қызметкерлері қуды. Сол сәтте жігіт түйіншегін түсіріп алды. Мен оны қағып алдым. Әжетханаға барып түйіншекті ашып көріп, ондағы заттың дәмін татқанда мұның есірткі екенін білдім. Мен тіпті оны бірден полцияға табыстайын дегенмін. Алайда менің уақытым болмады. Кейін бұның барлығы жала екенін білдім. Олар осы уақыт бойы мені аңдып жүрген", - деген күдікті өз тарихын осылайша баяндады. Соттың неліктен түйіншекті алып Ақтөбеге келдін деген сауалына сотталушы ары таза адам ретінде есірткіні полицияға өткізбек болғанын айтты. Кейін өзінің есірткі қолданатынын есіне түсіп, құзырлы мекемеге өткізгісі келмей қалған. Алайда сотталушының бұл жауабы соттың күдігін тудырды. Айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған ісі үшін өкінетінін айтты. Сот оған  3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасын кесуі мүмкін.