Түркия мейрамханасында жарылыс салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстанның азаматтары жоқ деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. Сондай-ақ ведомстводан бұл соңғы дерек екені айтылды. Айта кетсек, Түркияның Назилли қаласында мейрамханада жарылыс болып, 7 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Мейрамханада 20-дан астам адам болған. TRT телеарнасының хабарлауынша, жарылыс мейрамхананың асханасында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30-да газ баллонын ауыстырып жатқан кезде тіркелген. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр деп хабарланды.
Жүктелуде...