«Маған Конституцияның үстемдігін, азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерімді жұмсау мәртебесі берілді, жоспарлар үлкен, энергия көп, жұмыс істейтін боламыз», - деді Қанат Мусин.
Екінші кандидат - Еркін Оңғарбаев.
«Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев - белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университетінің проректоры», - деді Арман Қожахметов.
Қожахметов үшінші үміткер Сергей Ударцев екенін айтты. Ол әйгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, бұрын Конституциялық Соттың судьясы болған. Қазіргі уақытта М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар кандидаттарды қолдады.