Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле қайтыс болды

Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле қайтыс болды

Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле қайтыс болды
ашық дереккөзі
50422
Әйгілі бразилиялық футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) 82 жасында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Қаралы хабармен Пеленің қызы Кристина Насименту Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Айта кетейік, қараша айының соңында Пеле коронавируспен асқынған респираторлық инфекцияны емдеу үшін ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ оған онкологиялық ауруға байланысты терапияны жалғастыру қажет болды. Желтоқсан айының басында бразилиялық БАҚ химиотерапия енді Пелеге көмектеспейтінін және ол паллиативті көмекке ауыстырылғанын хабарлады. Бір апта бұрын оның жағдайы айтарлықтай нашарлаған болатын. Пеле - тарихта үш рет (1958, 1962, 1970 жылдары) әлем чемпионатында жеңіске жеткен жалғыз футболшы. Ол Бразилия құрамасында барлығы 92 матч өткізіп, 77 гол соққан. Кәсіби мансабында Пеле 1 281 гол соққан, сонысымен де ол Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Серіктес жаңалықтары