ЕҰУ студенті Құрманғазы туралы мультфильмді жарыққа шығарады

ЕҰУ студенті Құрманғазы туралы мультфильмді жарыққа шығарады

ЕҰУ студенті Құрманғазы туралы мультфильмді жарыққа шығарады
ашық дереккөзі
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетінің бесінші курс студенті Аружан Унарбекова Құрманғазы туралы мультфильмді дайындап жатқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Жас дарынның бұған дейін Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әлихан Бөкейханов, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы секілді тарихи тұлғалардың салған суреті кеңінен танымал болды.
«Аниме форманың анықтығымен ғана емес, кейіпкердің мінезі және  эмоциясын көрсетуге мүмкіндік береді. Қазір біздің елімізде анимация индустриясы өте қарқынды дамып келеді, көптеген студиялар ашылуда. Мен болашақта комикс шығарғым келеді», - деп атап өтті ол.
 width= Енді ол композитор 13 сериядан тұратын Құрманғазы туралы мультфильмді дайындап жатыр. Анимациялық туынды қазақтың әйгілі күйлерінің таңғажайып қыр-сырларын ашпақ.
 «Анимациялық туындының басты кейіпкері Құрманғазы арқылы көшпелі өмір салтының тарихи кезеңі баяндалады. Композитордың қазақ даласындай алып жүрегі көптеген сынақтар мен келеңсіздіктерді бастан өткереді. Біздің сериал бала Құрманғазының жандүниесінде терең із қалдырған оқиғаларды ашады. Ол өз шығармаларында халықтың арман-тілегі мен ұмтылысын бейнелеп, ұлы даланың ең танымал музыканттарының біріне айналды», - деп түсіндірді Аружан.
Жас суретші кейінгі үш жылда графикалық планшетте сурет салу дағдыларын игерген. Сондай-ақ, жасаған жұмыстары Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Мәселен АҚШ, Румыния, Филиппин, Ұлыбритания, Австралия және тағы да басқа елдерден тапсырыстар түседі екен.