Қазақстан алғаш рет өтетін United Cup турниріне қатысады

Қазақстан алғаш рет өтетін United Cup турниріне қатысады

Қазақстан алғаш рет өтетін United Cup турниріне қатысады
ашық дереккөзі
29 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында Австралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында алғаш рет United Cup командалық турнирі өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл додаға қатысатын теннисшілер ATP және WTA рейтингінде 500 ұпайға дейін ие болып, табыс қорын толықтыра алады. Турнирде еліміздің намысын Юлия Путинцева (№51), Жібек Құламбаева (жұптық сында №202), Гөзал Айнитдинова (жұптық сында №392), Александр Бублик (№37), Тимофей Скатов (№142), Денис Евсеев (№292) пен Григорий Ломакин (жұптық сында №205) қорғайды. В тобында отандастарымыз Польша және Швейцария құрамаларымен сынға түседі. Бұл топтағы ойындардың бәрі Брисбенде өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы Польша теннисшілерімен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сатысында алдағы жылдың сәуірінде Астанада да ойнайды. Польша құрамында турнирге мына теннисшілер қатысады: Ига Свентек (№1), Хуберт Хуркач (№10), Магда Линетт (№48), Каспер Жук (№245), Даниэль Михальский (№260), Алиция Росольская (жұптық сында №32), Лукаш Кубот (№245). Швейцария командасында Белинда Бенчич (№12), Стэн Вавринка (№148), Жиль Тайхман (№35), Марк-Андреа Хюслер (№56), Илена Ин-Альбон (жұптық сында №124), Доминик Стефан Штрикер (№118), Джоан Цугер (№188), Александер Ричард (№169) кортқа шығады. 29 желтоқсан күні алғашқы болып Юлия Путинцева ойнайды. Одан кейін кортқа Тимофей Скатов шығады. Путинцева швейцариялық Белинда Бенчичпен күш сынасады. Онымен бес рет кездесіп, үшеуінде жеңген еді. Скатовтың қарсыласы – Марк-Андреа Хюслер.