Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды

Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды

Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды
ашық дереккөзі
Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 25 желтоқсан күні таңғы сағат 7:40 шамасында Алмалы ауданында болған. Соққыдан қолма-қол ақша жеткізетін көлік бүйіріне аударылып қалған.
«ГАЗ маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі Абай даңғылында, №141 үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта артқа бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылған жоқ», - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.