Жүкембаев, Ахмедов, Құсайынов: ертең 8 бокcшы шаршы алаңға шығады

Бүгін Boxing Stars & Lucky Cent бірлесе ұйымдастырған эксклюзивті бокс кешінің салмақ өлшеу және көз түйістіру рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Боксшылар мұнан кейін баспасөз мәслихатына қатысып, айқас алдында мәлімдеме жасады.
24 желтоқсан күні Алматыдағы SADU Arena-да Абылайхан Құсайынов, Садриддин Ахмедов және алаңда Lucky Cent промоушенінің жас таланттары өнер көрсетеді. Барлығы бокс кешінде – 8 жұп.
Кештің басты айқасында Батыр Жүкембаев Оңтүстік Африка елінің боксшысы Холани Мкотелимен (19-7, 12 KO) WBC Asia белбеуіне таласады.
«Күні бұрын билеттің барлығы сатылып кетті. Мәртебелі меймандардың қатарында ағайынды Головкиндер бар», – дейді бокс кешін ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, жекпе-жекті 18:00-де Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!