СҚО-да жарыстан шыққан жастар аязда жолда қалған

СҚО-да жарыстан шыққан жастар аязда жолда қалған

СҚО-да жарыстан шыққан жастар аязда жолда қалған
ашық дереккөзі
СҚО полицейлері гір көтеруден жарысқа аттанған жасөспірімдер командасын аяздан аман алып қалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  СҚО Уәлиханов ауданының әкімшілігі жас спортшылар командасына көмектескен полиция қызметкерлеріне Facebook желісінде алғыс білдірді. Команда құрамында алты бала болған. Олар жаттықтырушысымен бірге Тәуелсіздік күніне орай Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен жарыстан кейін үйлеріне қайтып келе жатқан. Тайынша ауданының аумағында Жаңадәуір ауылының маңында көліктерінен ақау шыққан. Көлік салонында температура түсіп, жылу азая бастаған. Жаттықтырушы Уәлиханов ауданының полиция бөліміне хабарласып көмек сұрады. Ол жақтан бұл оқиға туралы Чкалово ауылындағы поселкелік полиция бөлімшесіне айтылды. Бөлімше бастығы Аслан Досмұқанов, оның орынбасары мен учаскелік инспектордың көмекшісі шұғыл түрде оқиға орнына келді. – Ең бастысы, балаларды жылы жерге жеткізу керек болды. Кейін ГАЗель көлігін Чкалово ауылына сүйреп апардық. Жүргізуші мен жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырдық. Сынған машинаны техникалық қызмет көрсету орталығына жеткіздік, – дейді полиция подполковнигі Аслан Досмұқанов. Жас спортшыларды алып кету үшін аудан орталығы Кішкенекөлден басқа көлік келді. Олар діттеген жерге аман жетуі үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері алдында жүріп отырды. – Тәртіп сақшыларының қылмысқа ғана қарсы тұрып қоймай, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайтындықтарына көзіміз тағы бір мәрте жетті. Полицейлер адамдардың өмірі үшін кез келген уақытта көмекке келуге дайын, – делінген жазбада.