Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды
ашық дереккөзі
Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі дерек бойынша тергеуді аяқтады деп хабарлады turkystan.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Антикор мәліметінше, жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады.
«Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары нысандарды салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктеледі», - делінген хабарламада.
Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелгені айтылды.
«Осы факт бойынша да соталды тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр», - делінген Антикор хабарламасында.