Нұрқанат ЖАҚЫПБАЕВ: Өнер дегеніміз – жоқтан бар жасау

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЕВ: Өнер дегеніміз – жоқтан бар жасау

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЕВ: Өнер дегеніміз – жоқтан бар жасау
ашық дереккөзі
Бүгінде театр және кино жұлдыздарына айналған әртістердің көпшілігінен «Біз Жақыпбаевтың шекпенінен шыққанбыз» дегенді жиі естиміз. Өнер әлемінде өзіндік ерекшелігімен көрермендерін тапқан «Жастар» театрының жас өнерпаздарын өрге сүйреген режиссердің атқарған еңбегі расымен орасан. «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» демекші, Нұрқанат ағаның тәрбиесін көрген жас өрендердің оны аузынан тастамай, үнемі айтып жүруі сіңірген еңбегінің өлшемі деп бағалауға болады. Жуырда 75 жылдығын атап өткен режиссерге хабарласып, аз-кем әңгімелескен едік. – Нұрқанат аға, «Жастар» театрының ал­ғашқы сегіз жыл бойы ғимараты бол­ма­ған кезде жетекшілігіңіздегі әртіс­тер­ге «Көресіңдер, театрымыздың өз ғи­мара­ты болады. Әрқайсыңның өз үй­ле­рің, жеке көліктерің болады. Қойы­лым­дарымызға көрермен билет таппай қай­татын кезге жетеміз» дегеніңізді олар сұхбаттарында үнемі айтып жү­ре­ді. Ел болып енді ғана еңсемізді тіктеп ке­ле жатқан сондай қиын кезеңде бү­гін­де шындыққа айналып отырған «ер­тегіге» өзіңіз қалай сендіңіз? Сол кез­де сізді көзсіз тәуекелге итермелеген қан­дай күш болды? – Өнер, ол – қиялдан туатын нәрсе. Су­рет өнері, композиторлық өнер, театр және ки­но өнері сияқты кез келген өнер түрі қиял­дан туады. Яғни, өнер дегеніміз – жоқ­тан бар жасау деген сөз. Ал ондай шынайы өнер­ді жасау үшін адамға армандай білу, өз қиялдарына бағына білу және сол қиялдарын талдай білу керек. Бастапқыда ойлаған арман-қиялың қандай мағынада болатынын білмейсің. Содан кейін әртүрлі ізденіске түсесің, ізденістің нәтижесінде формалар табасың. Ол кезеңде бірін-бірі қайталаған театрлардың бағытынан әдейі қашу деген ой менде болған жоқ. Бірақ басқаларына ұқса­майтын ерекше формадағы, әлемдік дең­гей­дегі театрлардың қатарында тұратын қазақ театрын жасауға бола­тынына сендім. Сол сенімнің «осы ойыңа жетуің керек» деген іштегі дауы­сы мені алға итермеле­ді. «Арма­­ныңды сатпа» деген ұстаны­мым бар. Арман-қиял­ға сенудің нә­тижесінде бүгінгі күнге жет­тік деуге болады. – Қазіргі күні «Жастар» театры­ның, он­да тәрбиелеген шә­кірттеріңіздің же­тіс­тіктеріне қарап отырып, сөзсіз мық­ты тәлім­гер екеніңізге куә болып жүр­міз. Сіздегі шәкірт жүрегіне жол табу­дың формуласы қандай? – Оқыған нәрсеңді оқыған қалпында, біл­ген нәрсеңді өзің білген қалпында айтып отыр­саң, ондай қайталауларды тыңдаудан ал­дыңа келіп отырған кез келген шәкірт жа­лы­ғады. Мен шәкірттеріме ақыл айтпай­мын. Себебі біреудің ақылы біреуге пайдалы бола бермейді. Оның орнына оларды жұ­мыс­пен шектеп тастасаң, оларға ақыл сонда кіре­ді. Шәкірттерді жұмыспен, еңбекпен қы­зықтыра білу керек. Қызығушылықты ту­дыра алмасаң, ештеңе де шығара алмай­сың. Ол да өз бетінше қиялдана білуі керек. Кей­де оларға айтып отырғаның «ертегі» сияқ­ты көрінуі мүмкін. Себебі ол жаңа ғана мек­тепті бітіріп келді, айтарлықтай еш тә­жірибесі жоқ. Алдыңа келіп отырған сту­дент­тің сөзіне, ісіне, біліміне, қиялына мән бере­сің. Кез келген жас актер немесе өнерпаз маман болып шыға келмейді. Солардың ішінен қиялын асқақтата білетіндерін таң­дап аласың. Сол таңдаған шәкіртіңді қиялға бау­лисың. Содан кейін ол сенің көмекшіңе ай­налады. Бірте-бірте қиялы сенікінен де ас­қақ болып шығып, оның қиялына өзің іле­се бастайсың. Өнер қиялдан туатын нәрсе бол­ғандықтан, өнерде «мына нәрсе осындай болуы керек» деген заңдылық жоқ. Өнерге кел­геннен кейін бәрінің алды бола білуің ке­рек. Алды бола білмесең, ешкім сенің өне­ріңе қызықпайды ғой. Ол үшін тынымсыз ең­бектенуің керек. Кез келген жетістікке, кез келген қалауыңа еңбек қана жеткізеді. «Еңбек бәрін жеңбек» деген мақалдың шын­ды­ғын шәкірттердің алдына әкеліп, дәлелдеп көрсетесің. – Көбісі өнер жолына «танымал тұл­ға­ға айналып, атақты жұлдыз болсам» де­ген арманмен келеді. Өнерге деген адал­дыққа, өнердегі тазалыққа үйре­те­тін ұстаз ретінде сондай арманмен ке­ле­тін шәкіртке ең бірінші қандай кеңес айтасыз? Қандай талап қоясыз? – Иә, өнерпаз ретінде сондай арманмен келуі мүмкін. Бірақ жұмыс басталған кезінде ол осы арманын ұмытады. Тіпті, біраз уақыт өт­кеннен соң шәкірт ретінде сенің қолыңа кел­геніне өкінеді. Бірақ кете алмайды. Өйт­кені менің айтқан әңгімелерімнен, жұмыс істеу тәсілдерімнен өзінің жаңағы «жұлдыз бол­сам» деген ойынан басқа өзіне керекті жаңа ой тауып жатады, қызығушылықтары оя­нады. Қызық болғанымен, қиын екенін се­зініп, қашуға да тырысады. Бірақ қаша алмайды. Мен ештеңе демесем де, өздері кете алмайды. Өйткені ол жас қой. Оны елітіп алу ке­рек. Ұрсып елітесің бе, тамақ бермей елі­тесің бе, ұйықтатпай елітесің бе... Әйтеуір, сол жасты еңбекке елітіп аласың. – Таланттарды «тума талант» және «жүре қалыптасқан талант» деп бөліп жа­тамыз. Сіздіңше, тума таланттардың ерек­шелігі неде? – Тума талант болмайды. Өнерге деген үл­кен сүйіспеншілігінен, қайсыбір өнерпазға қат­ты еліктеушілігінен бойына сіңген та­лант­тың қандай да бір пайызы болуы мүм­кін. Бірақ тума талант деген жоқ. Ондайға өзім сенбеймін. «Шынайы талант» жүре келе қалыптасады. Алайда мектеп кезінен бастап ерек­шеленіп тұратын балалар болатыны рас. «Өнерді көрсем екен», «өнерде жүрсем екен» деп бойындағы бар махаббатын өнерге ар­нап, өнерден ерекше әсер алып тұратын ба­лалар болады. Сондай балалар міндетті түр­де өнер жолына келеді. – Мәдениет саласында қызмет ат­қа­рып жүрген көптеген қызметкердің «Үкі­мет біздің жағдайымызға немқұрай­лы қарайды» деген реніштерін жиі ес­ти­міз. Біздегі басқару жүйесі расымен де «қазақтың өнерпазы өз күнін өзі көре ала­ды» деген ұстанымды алға тартатын се­кілді көрінбей ме? – Біздің театр мемлекеттің қолдауымен қыз­мет етіп келеді. Мемлекеттік көмек бол­ма­са, қойылымға керекті декорацияларды, жаз­дыруың керек музыканы, тағы сол сияқ­ты керектілеріңді қайдан табасың? Мем­ле­кеттен қолдау жоқ емес, бар. Өнер саласына мем­лекеттік қолдау міндетті түрде керек. Он­дай қолдау болмаса, өнер бір орында тұ­рып қалады. Біздің театрды іздеп келетін кө­рермендер «өнер» деп келеді. «Рухани дағ­дарыста тұрғанда, «тәуекел» деп бір жа­ман іске барайын деп тұрған қиын кезеңімде осы театрға келіп, жаман жолдан кері қайт­тым» деп алғысын айтқандар көп болды. Осы­дан артық қандай бақыт керек? Ол да ба­қыт­ты, сен де бақыттысың. Бұл өнер «Адам» деген қалпыңды түзу ұстау үшін қажет. – Біз де дәл сондай көрермендердің қа­­­­тарында болдық. Бәріміз де бүгінгі театр­­ға ертең адам болып қалу үшін ке­­леміз. Сондықтан адалдығың мен та­за­лығыңды сақтап қалуға көмектесетін дәл осындай театр өнерінің бар бол­ға­нына, әртістердің өз сүйікті ісімен ай­­­на­лысып жүргеніне қуанамыз. Әйт­­песе, «жа­лақысы аз» деп бұл өнер­­мен қош ай­тысып, басқа сала­ға ауысып кеткен­дер де аз емес қой. – Жетісіне бір рет театрға келме­сең, ол театр болмаса, не боласың? Біз­дің өнер ха­лыққа шынымен керек бол­ғандықтан, осы­лай қызмет ат­қарып келе жатыр. – «Жастар» театрының 15 жыл ішін­­де қол жеткізген жетіс­тік­тері аз емес. Еліміздің атынан шет­ел­дік фес­ти­ва­льдарға шығып жүрген жалғыз театр деу­ге болады. АҚШ, Оң­түстік Корея ел­дерінде өткен фестиваль­дарда үнемі топ жарасыздар. Театрдан бұдан басқа тағы қандай үміт күтесіз? Болаша­ғы қандай болуын армандайсыз? – Мен, мысалы, мәңгілік емеспін. Бірақ қа­зіргі менің жасап жүрген істеріме еліктеп келіп жүргендері, әлі де келетіндері бар. Со­лар­дың ішінде біреуі болмаса біреуі өзінің дара жолын тауып кетсе деген ниетпен жұ­мыс істеп отырмын. Одан кейін елдік намыс, ұлт­тық намыс деген болады. Менің ұлтым­ның театр өнері басқа елдердің өнерінен қа­лып қоймаса екен деп қызмет етесің. Басқа ел­ге барғанда бәрінің алдына шығып, бәрі­нен озып кетпесе де, әлемдік театр өнерінің қатарынан көрінсе екен, бізге де басқалары там­сана қараса екен деп ойлайсың. Айтып отыр­ғаныңыз рас. Шетелдік фестивальдарда біз­ді жыл сайын күтеді. Бір рет барып көр­сеткен өнеріміз ұнағаннан кейін олар бізді жыл сайын шақырады. Басқа елдердің театры бір күн қойылым қойса, ылғи да біз­дің театр апарған қойылымдарды қайталап тағы да екінші күн қоюымызды сұрайды. Демек, біздің ұлттың театр өнері шетелде де жо­ғары сұранысқа ие бола алатынын дә­лелдей алдық деп ойлаймын. – Біз де көрермен ретінде «Жастар» театрының тұғыры әркез биік болсын дейміз! Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен Жұлдыз ҚАДІРОВА