Марат Әбиев қамауға алынды

Марат Әбиев қамауға алынды

Марат Әбиев қамауға алынды
ашық дереккөзі
Астана қаласында митинг ұйымдастырған Марат Әбиев 2 айға қамауға алынды деп мәлімдеді turkystan.kz елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.
«12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Ж.Әбиевті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Марат Әбиев 26 қараша күні елордада рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді. Оның үстінен бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі заңнамасын бұзу және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбау бойынша екі хаттама толтырылған. Ол кінәсін мойындаған. Ал құзырлы органның мәліметінше, М.Әбиевтің кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманың нақты мәліметтері, видеожазба және басқа да материалдармен дәлелденген.