Тараз локомотив депосының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті

Тараз локомотив депосының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті

Тараз локомотив депосының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті
ашық дереккөзі
«Қамқор локомотив» ЖШС Тараз локомотив депосының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, акция ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Компанияға хабарласқан тілшінің сауалына жауап берген «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы Тараз локомотив жөндеу депосының директоры Ілияс Лесбаев жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етіп отырғанын растады.
«Жұмысшылар жалақыны көтеруді сұрап жатыр. Инфляция, жалақы жетпейді. Мен басшылықта болдым, бұл мәселені түсінеді, сондықтан жұмысшыларға түсініктеме берді. Адамдарға түсіндірді. Енді комиссия жинаймыз, жұмыс істейміз. Әрине, бәрінің бағасы өсіп жатыр. Биыл олардың жалақысы 30 пайызға көтерілді. Бұл әлі де жеткіліксіз», - деді Лесбаев.
Оның айтуынша, кәсіпорындағы орташа жалақы бүгінде - 230 000 теңге. Кәсіпорында 535 адам жұмыс істейді.
«1 қаңтардан бастап жалақыны көтеру жоспарланып отыр. Қаншалықты деген сұрақ пысықталып жатыр. Шамамен 10 пайыз немесе одан да көп. Басшылық инфляцияны қарайды. Оқиғаға қарамастан ешкімді жұмыстан шығармаймыз», - деді филиал директоры.
Әңгіме барысында тілші цехтағы бір ауысым шынымен 12 сағатқа созыла ма деп сұрады. Лесбаевтың айтуынша, жұмысшылардың жұмыс кестесі заңға қайшы келмейді.
«Адамдар былай жұмыс істейді: сенбі-жексенбі күндері 8 сағат жұмыс істейді және 2 күн жұмыс істейтіндер бар. Екі күн - 12 сағаттан және одан кейін екі күн демалады. Яғни, барлығы заң аясында. Аптасына 40-41 сағат. Айлық норма – 168 сағат», – деп түсіндірді Ілияс Лесбаев.
Айта кетсек, бұған дейін БАҚ-та 13 желтоқсанда «Қамқор локомотив» ЖШС Тараз локомотив депосының жұмысшылары жұмысқа шықпай, жалақыны көтеруді талап етіп, акция ұйымдастырғаны хабарланған болатын.