Қазақстандық оқушылар жасөспірімдер олимпиадасында рекорд жаңартты

Қазақстандық оқушылар жасөспірімдер олимпиадасында рекорд жаңартты

Қазақстандық оқушылар жасөспірімдер олимпиадасында рекорд жаңартты
ашық дереккөзі
Оқушыларымыздың халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғасып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар. Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты. Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты. Жүлдегерлерді жоғары нәтижемен құттықтаймын! Оқушыларға жаңа жеңістер тілеймін!» - деді Асхат Аймағамбетов.