Жастар арасындағы өлімді көбейтіп жатқан ауру белгілі болды

Жастар арасындағы өлімді көбейтіп жатқан ауру белгілі болды

Жастар арасындағы өлімді көбейтіп жатқан ауру белгілі болды
ашық дереккөзі
Қытай дәрігерлері жастардың қант диабетіне жиі шалдығып, соның салдарынан көп қайтыс болып жатқанын анықтады деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Қытайдағы Харбин медициналық университетінің ғалымдары өз зерттеуін жариялады. Олардың айтуынша, соңғы 30 жылда дүние жүзіндегі жасөспірімдер мен жастар арасында 2-типті қант диабетінің жиілігі айтарлықтай артқан. Ғалымдар 2019 жылдан бері 204 елде 15 және 39 жас аралығындағы адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізді. Сол арқылы олар 1990 жылдан 2019 жылға дейін бүкіл әлем бойынша жасөспірімдер мен жастардың аурушаңдығы айтарлықтай көбейгенін анықтады. Өлім-жітім деңгейінің өскені де байқалды. Жалпы алғанда, 2-типті қант диабетімен ауыратындар мен одан өлетіндер салмағы көп әйелдер арасында жиі кездеседі екен. Дегенмен, семіздік ерлер үшін де қауіпті фактор саналады. Ғалымдар бұл зерттеу жастар арсындағы қант диабетімен күресудің тиімді шараларын жасауға мүмкіндік беретінін айтып отыр.