Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық келісімі аясында Түркия және Әзербайжан армиясы Баку, Астара, Жебрайыл және Имисли облыстарында жаттығу жұмыстарын бастады деп хабарлады turkystan.kz turanews.kz-ке сілтеме жасап. Оқу-жаттығуда құрлық және әуе күштері, арнайы жасақтар, ракеталық-артиллериялық бөлімшелер түрлі міндеттерді орындауда. Бірлескен оқу-жаттығуда соғыс уақытында әскерлердің үйлесімділігін қамтамасыз ету, басқаруды жетілдіру, тәжірибе алмасу және жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру көзделуде.
Жүктелуде...