Автобус жүргізушісі куәлігін алу талаптары жеңілдейді – Алмаз Ыдырысов

Автобус жүргізушісі куәлігін алу талаптары жеңілдейді – Алмаз Ыдырысов

Автобус жүргізушісі куәлігін алу талаптары жеңілдейді – Алмаз Ыдырысов
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы жанындағы көлік және логистика комитетінің кезекті отырысында өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көліктерді субсидиялау және оны жетілдіру мәселесі талқыланды.  Отырысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, Қаржы мониторингі, Бас көлік прокуратурасы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктің өкілдері мен көлік ұйымдарының басшылары қатысты.  width= Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов қалалық маршруттарды субсидиялау бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, қалалық қоғамдық көліктерді субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзіретінде. Жыл сайын бұл тарапта бөлінетін қаражат көлемі айтарлықтай артып келеді.
«Биыл жергілікті әкімдіктер аймақтардағы әлеуметтік маңызы бар қалалық автобус бағыттарын субсидиялауға 99,8 млрд теңге бөлді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге көбейгенін көрсетеді. Ал келесі жылы аталған саланы субсидиялауға 133 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржының басым бөлігін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері бөлген», - деп атап өтті ол.
 width= Өз кезегінде, «Қазақстанның автомобиль конвенциясы» қауымдастығының президенті Марат Беркалиев және  «Қазақстан автокөліктер одағының» директоры Сәбит Аманбаев субсидиялаудағы қордаланған мәселелердің туындау себептерін атап, шешу жолдарын ұсынды.   Алмаз Ыдырысов саладағы кадр тапшылығын шешу үшін жеңілдіктер жасалатынын айтты.
«Биыл автобустарды алғашқы жарнасыз 7 жылға алу бойынша жаңа лизингтік бағдарлама қолданылып жатыр. Оған 30 млрд теңге қаражат бөлу қарастырылған. D санаты бойынша куәлік алуды жеңілдету мәселесі де қаралды. Атап айтқанда, жас бойынша талап 25-тен 23 жасқа дейін төмендетіледі. Еңбек өтілі 5 жылдан 3 жылға қысқарады. D1 санаты бойынша 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартылады. Бұл мәселе ішкі істер органдарының өкілдерімен ұзақ уақыт талқыланды. Соңғы жиында вице-премьер бұл бастаманы қолдады», - деді ол.
Вице-министр бұған дейін қоғамдық көлік жүргізуге рұқсат беретін санатты алу өте қиын болғанын және мамандар да аса қызығушылық танытпағанын жеткізді. Сондықтан салада кадр жетіспеу мәселесі туындап отыр.
«Біз нормативтік тұрғыда автобус жүргізушілерінің жалақысына қосымша төлем жүргізуді қарастырдық. Олардың санаты мен біліктілігіне байланысты еңбекақыларына 35 пайыз қосу қарастырылып отыр», - деді Алмаз Ыдырысов.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасында «D» санаты бойынша 63 501 автобус тіркелген.