Тоқаев жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Тоқаев жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Тоқаев жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
ашық дереккөзі
Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Жоғарғы Сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Бүгін ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы сайланғанын хабарлаған едік.