ӘЧ: Қазақстан паралимпиадалық хоккейді жеңіспен бастады

ӘЧ: Қазақстан паралимпиадалық хоккейді жеңіспен бастады

ӘЧ: Қазақстан паралимпиадалық хоккейді жеңіспен бастады
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы 6-11 желтоқсан күндері аралығында Тайланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Паралимпиадалық 2022 жылғы әлем чемпионатын С пулында сәтті бастады деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Таиландпен ойнап, 7:0 есебімен жеңіске жетті. Паралимпиадалық хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты 6-11 желтоқсан аралығында өтеді. Турнирге Қазақстан, Австрия, Ұлыбритания, Франция және Таиланд командалары қатысуда. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мұндай жарыстарға алғаш рет қатысып отыр. Келесі кезекте қазақстандықтар Франция (8 желтоқсан), Австрия (10 желтоқсан) және Ұлыбритания (11 желтоқсан) құрамаларымен ойнайды.