Антарктида экспедицясының қызықты сәттері

Антарктида экспедицясының қызықты сәттері

Антарктида экспедицясының қызықты сәттері
ашық дереккөзі
Антарктиданы бағындырған қазақтар экспедиция барысында қандай қауіптерге кездескенін айтып берді. Антарктидаға жасалған «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының капитаны  Мағжан Сағымбаев өз жолдарында кездескен қауіптер жайында Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтып берген болатын. Бұл ерекше экспедицияның барысы туралы сайтқа жариялауды жөн көрдік. «Түрлі сәттер, сан алуан проблемалар болды. Біз абайсызда палаткамызды да өртеп алдық. Қиындықтар да болды. Дегенмен біз оларға дайын едік. Біз Винсон (Антарктиданың ең биік шыңы) шыңына шыққан кезімізде ауа райы өте қолайсыз болды. Желдің жылдамдығы сағатына 25-30 шақырымға дейін жетті. Сол жерде 2 саусағымды үсітіп алдым. Ілияс та (экспедиция мүшесі Ғалымбеков) аяғын үсітті. Бірақ, біз оған дайын болдық», - деді Сағымбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Сағымбаев Винсон шыңына Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы күнінде мемлекеттік туды желбіреткен сәт экспедиция мүшелерінің мәңгі есінде қалатындығын баса айтты. Ал, Ілияс Ғалымбеков болса 21 жасқа толған туған күнін Оңтүстік полюсте атап өткен. 20170118140955 «Экспедициямыздың әрбір мүшесі өз міндеттерін 100 пайызға орындады. Қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Жылдар бойғы кәсіби тәжірибе-дағдымыз да кәдеге жарады», - деді экспедиция капитаны. Айта кетейік, «Қазақ географиялық қоғамы» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Оңтүстік полюске екінші қазақстандық экспедицияны ұйымдастырған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айының басында өткен бұл экспедицияның құрамына альпинистер - Ілияс Ғалымбеков пен Юрий Юшин, ғалымдар - Әлия Ерназарова, Арман Баймұхамбедов және Дәулет Шәріповтер кірді. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының топ жетекшісі Мағжан Сағымбаев болды. Ғалымдар Оңтүстік полюсте экология, биология және адам физиологиясы салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді.