Қазақстанда коронавирустың «Цербер» штамы таралып жатыр

Қазақстанда коронавирустың «Цербер» штамы таралып жатыр

Қазақстанда коронавирустың «Цербер» штамы таралып жатыр
ашық дереккөзі
Елімізде коронавирустың жұқпалы «Цербер» штамы таралып жатыр. Вирустың бұл түрі өте жұқпалы деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Қараша айында қазанмен салыстырғанда сырқаттанғандар саны бір жарым есеге көбейген. Ведомствоның хабарлауынша, аптасына орташа есеппен коронавирус жұқтырған 700 науқас тіркеледі.  Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, әсіресе Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысында ауру апта сайын 2,2 есеге дейін таралып жатыр. Омикронның түрленген «Цербер» штамы әлемнің 65 елінде анықталған. Ал Қазақстанда әзірге Астанада ғана тіркелді.
Омикрон «Цербердің» ерекшелігі, ол - өте жұқпалы. Бірақ жеңіл немесе орташа түрде өтеді. Омикрон коронавирустың штамы анықталған. Оны емдеу жолы бірдей, - дейді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.