Оқушылар тағы да қашықтан білім алады

Оқушылар тағы да қашықтан білім алады

Оқушылар тағы да қашықтан білім алады
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында аязға байланысты оқушылар тағы да қашықтан білім алады деп хабарлады turkystan.kz әкімдікке сілтеме жасап. Дәл қазір Абай облысы аумағында ауа температурасы 31 градус аязды көрсетіп тұр. Осыған байланысты 30 қараша күні бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2-курс студенттері үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Тарбағатай, Глубокое, Самар, Қатонқарағай, Күршім аудандарында 0-11 сынып, Өскемен мен Риддерде 0-9 сынып, Жаңа Бұқтырма елдімекенінде 0-4 сынып оқушылары үйден білім алады.