Мемлекет басшысы Électricité de France (EDF) компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Ремонмен атом энергетикасы саласына озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады. Президент қазақстандық мамандар атом энергетикасы саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың озық технологияларын зерттеп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ олар жаңартылатын қуат көздері саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.
Жүктелуде...