Қызылорда облысында бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен 17 жастағы жасөспірім табылды деп хабарлады turkystan.kz. Байқоңыр қаласының тұрғыны 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен. Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салды. Іздестіру жұмыстары бірнеше күн жүргізілді. Жасөспірім қала орталығынан аман-есен табылып, ата-анасына табысталды», - делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы таратқан хабарламада.