Сәрсенбі, 1 Ақпан, 2023

«Көңілдің асыл пернесі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Көңілдің асыл пернесі» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары, мәдениет және өнер өкілдері, танымал қазақстандық орындаушылар қатысты.

«Көңілдің асыл пернесі…» шығармашылық байқауы 2015 жылдан бастап Тұңғыш Президент кітапханасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен және Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымымен бірлесіп жүзеге асырылып келеді. Кейіннен байқауды Халықаралық Түркі академиясы мен Астана қаласының әкімдігі қолдады. 2020 жылдан бастап байқау халықаралық мәртебеге ие болды.

«Көңілдің асыл пернесі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Байқау бастау алған кезеңнен бері оған 3,5 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері қатысты. Биыл конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен және алыс-жақын шетелдердің 6 елінен 136 өтінім келіп түсті. Байқау Ресей, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Индонезиядан бақ сынаған қатысушылардың басын қосты. Музыка жетекшілері мен ата-аналарға ерекше алғысымды білдіргім келеді», – деді салтанатты рәсімді ашқан Тұңғыш Президент кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Биылғы жылы жарысқа 12  мен 14 жасқа дейінгі және 15 пен 17 жасқа дейінгі екі жас санатындағы жалпы білім беретін мектептердің жеке орындаушылары мен вокалдық ұжымдық топтары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар:

«Әсем әнім сырнайдай…» номинациясы (12-14 жас)

3-орын – Второва Эмилия, Зарипов Амир – Татарстан

2-орын –  Гамбаршвили Нелико, Грузия

1-орын – жоқ

 

«Қасиетті домбыра» номинациясы (12-14 жас)

3-орын – Махин Айдос, Қарағанды облысы

2-орын – Пауеденов Дияс, БҚО

1-орын – «Жас екпін» триосы, Астана қаласы

 

«Бабамнан қалған кең дала» номинациясы (15-17 жас)

3-орын – Ермекова Гүлназ, Астана қаласы

2-орын – Белоусько Валерия, Павлодар облысы

1-орын – Исағұлова Раушан, Астана қаласы

 

«Бабамнан қалған кең дала» номинациясы (12-14 жас)

3-орын – Алиайдарова Аида, Асылбек Аяужан, Астана қаласы

2-орын – Юденич Анна, Алматы қаласы

2-орын – Мэлс Диас, Астана қаласы

1-орын – Шмулько Валерия, Павлодар қаласы

1-орын – Амантай Айғаным, Астана қаласы

 

Гран-при – Азат Нұрасыл, Астана қаласы

 

Арнайы номинациялар бойынша жүлдегерлер:

«Әнімді саған арнаймын» – Росс Елизавета, Қарағанды қаласы

«Ән – көңілдің ажары» – Сәбитқызы Томирис, Алматы қаласы

«Қазақ халқының асыл мұрасын насихаттаушы» – Бақдәулет Алмат, Қызылорда облысы

«Әнім саған, туған ел» – Исатай Амира, Павлодар қаласы

«Сегіз қырлы бір сырлы» – Серикханов Ақжол, Астана қаласы

«Талаптыға нұр жауар» – Байназаров Абылайхан, Теміртау қаласы

«Әнді сүйсең, менше сүй» – Тауыпалдиев Дастанбек, Өзбекстан

«Өнерлінің өрісі кең»  – «Кербез» вокалдық тобы, Астана қаласы

«Көрермен көзайымы» – Кунадилова Адель,  Астана қаласы.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button