Сенат сайлауына үміткерлерді тіркеу ертең, 29 қарашадан басталады деп хабарлады turkystan.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. ОСК мәліметінше, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда кешкі сағат 18.00-де аяқталады. Сайлауалды үгіт 24 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында жүргізіледі. 2023 жылғы 13 қаңтар – тыныштық күні, ал 14 қаңтар – дауыс беру күні. Орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін сайлау қорытындысын шығарады.
Жүктелуде...