Елімізде 300-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды

Елімізде 300-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды

Елімізде 300-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
ашық дереккөзі
Өткен түнде 300-ден астам көлік жүргізушісі жолаушылармен бірге еліміздің тасжолдарында қар құрсауында қалып қойды деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, түні бойы жолшылар мен полиция қызметкерлері еліміздің тасжолдарында кезекшілік атқарған. Күн райының қолайсыздығына байланысты республикада 9 тасжол жабылып, оларда шамамен 300 көлік қалған. Арасында жолаушылар мінген автобустар да бар.
«Абай облысында жолшылар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге «Алматы-Өскемен» тасжолынан 100-ден астам жүк көлігі мен 45 жолаушысы бар 2 автобусты қар құрсауынан шығарып алып, діттеген жеріне жеткізді. Сонымен қатар жанармайы қатып, жолда қалған жүк көліктерінің жүргізушілеріне де көмек көрсетті. Олар жылы арнаулы орындарға жеткізілді», - деп атап өтті компания өкілдері.