Өткен тәулікте елімізде 131 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 26 қарашадағы мәлімет бойынша, 908 адам коронавирус инфекциясынан (–763+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 777 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 6 адамның жағдайы ауыр, - 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жүктелуде...