Бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады

Бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады

Бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Бүгінде 7 облыста 1-4-сыныптардың оқушысына тегін ыстық тамақ беріледі. Енді Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4-сынып оқушыларын 100% мектеп тамағымен қамту жоспарланып отыр. Президенттің бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз. Көптеген зерттеу осындай шешімдердің пайдалы екенін көрсетіп отыр», деп жазды министр.