Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік сотталды

Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік сотталды

Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік сотталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік пен оның сыбайластары сотталды деп хабарлады turkystan.kz NEGE сайтына сілтеме жасап. Сарыағаш ауданы білім бөлімінің бұрынғы басшысы Бауыржан Майрихов енді 11 жылын темір торда өткізеді. Ал қылмысты ұйымдастыруға көмектескен үш азамат 10 және 13 жыл аралығында жаза арқаласа, оқ атқан жалдамалы жендет 12 жарым жылға сотталды. - Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауда олардың бұрын сотталмағаны, жәбірленушінің үш сотталушыға қатысты кешірім бергені, сондайақ үш сотталушының асырауында жас баласы болуы, барлығының да бұрын сотталмағаны назарға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, -  деді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Қасым Қалмағамбетов. Биыл қаңтарда белгілі журналист Амангелді Батырбековтің үйіне киллер келіп мылтықпен атқан. Бірақ жалдамалы жендет журналисті оның ұлымен шатастырып алған. Денесіне бірнеше оқ тиген 31 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, емделіп шыққан болатын. Көп ұзамай шабуыл жасағандар ұсталды. Қолға түскендер кісі өлтіруге  Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов тапсырыс бергенін айтқан. Себебі: шенеунікке журналистің өзі туралы бірнеше өткір мақала жазғаны ұнамаған. Сондықтан өзінің көмекшісіне 5 миллион теңге беріп, тілшінің көзін жоюды тапсырған.