СҚО-да әйелді балталап өлтірген ер адам ұсталды

СҚО-да әйелді балталап өлтірген ер адам ұсталды

СҚО-да әйелді балталап өлтірген ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. Советское ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін балтамен ұрып өлтірді, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. 17 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне Советское ауылында үйдің кіреберісінде зорлық белгілері бар 56 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша Соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Адам өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, 14 қарашада алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу кезінде жәбірленуші екеуінің арасында жанжал туындаған. Жанжал барысында ер адам әйелге өлімге әкеп соқтыратын соққылар жасаған», - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Әйелдің денесін 17 қарашада қызы тапқан. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.