Бүгін Астанада 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Алдын ала өтінім бойынша ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180-ден астам спортшы қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойналады. Сондай-ақ жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер аталады. Жарыс 29 қарашаға дейін жалғасады.
Жүктелуде...