Ахыска түріктерінің тағдыры

Ахыска түріктерінің тағдыры

Ахыска түріктерінің тағдыры
ашық дереккөзі
Месхет түріктері (джавах түріктері, месхет түріктері, ахыска түріктері, месхеттер, кавказ түріктері) – түркітілдес халықтар, Грузияның Месхетия аймағынан шығып, қазір бүкіл әлемге таралған. Жалпы саны ша­мамен жарты миллионнан асады, соның 200 мыңнан астамы Қазақ­станда тұрады. 1944 жылғы СССР халық комиссары Лаврентий Берияның Сталинге жасаған ұсынысы негізінде Грузияның Түркиямен шекаралас аймақтарында тұратын 76 021 месхет түрігі Орталық Азия елдеріне күштеп көшірілген. Содан бері бұл халық өз атамекеніне орала алмай жүр. Тағдыры қиындыққа толы бұл халық туралы профессор Асиф Гаджиевтің мақаласын орыс тілінен ықшамдап аударып беріп отырмыз. 1944 жылы қарашада совет билігі Түркия ше­карасына жақын Грузия аудандарында тұ­ратын 115 мыңнан аса месхет түрігін Ор­та­лық Азия елдеріне мәжбүрлеп жер аудар­ды. Қақаған қыста тоңып, әбден ашыққан мың­даған адам мал таситын вагондарда қаза тап­ты. 77 жыл өтсе де, бірнеше елге тарыдай ша­шылған ахыска түріктері әлі күнге дейін ата­мекеніне орала алмай жүр. Ежелден Грузияның Месхети мен Джава­хетияның тарихи аймақтарын ме­кендеген ахыска-түріктері жергілікті сөз­дермен байыған түрік тілінің шығыс-ана­долы диалектісінде сөйлейтін түркі эт­но- г­рафиялық тобы. ХІІІ ғасырда бұл аумақта Самцхе-Саа­та­ба­го (Самцхе Атабекдом) княздігі пайда бол­­ды, ал ХVІ ғасырда Осман сұлтандығы құра­мындағы әкімшілік – Ахыска пат­ша­лығы құрылды. 1828 жылы орыс-түрік соғы­сы­ның нәтижесінде Ахыска пашалығы тарап, оның аумағының бір бөлігі Ресей империясының құрамына енді. Осылайша, Ахалцихе түріктерінің тарихында жаңа ке­зең басталып, бұл аумақта Ахалцихе және Ахал­калаки атты екі округ құрылды. Жер­гілікті түрік халқына жүргізілген қатаң отар­лау саясатының нәтижесінде тұрғын­дар­дың көпшілігі Түркияға қоныс аударды, оның есесіне бұл аумақтарға Карс пен Бая­зит­тен армяндар жаппай көшіп келіп, им­мигранттар орыстарға, грузиндерге және тү­ріктерге қарсы түрлі арандатушылық жүргізе бастады. («Ахалцихская нетер­пи­мость». «Кавказ» (№ 94), 1897 г.) 1828 жылы Ахалцихе қаласының халқы 50 мыңнан аса адам болды. Одан кейінгі жыл­дары бұл көрсеткіш: 1939 жылы – 12,2 мың, 1959 жылы – 16,9 мың болса, 1966 жы­лы 17,8 мыңға жетті. (Советский Союз. Геог­ра­фическое описание в 22-х томах. Грузия. Отв. ред. Ф.Ф.Давитая, М., 1967, с.298). ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың ба­сын­да түріктерге қарсы репрессиялар айтар­лық­тай күшейді. Армян содырларының жақ­сы қаруланған отрядтары жергілікті ха­лыққа қарсы жаппай террор ұйым­дас­тыр­ды. Бұл қауіпке қарсы түріктер ұйымдасқан түр­де қарсылық көрсете бастады. Жергілікті тү­ріктердің басшылары Омар Фаик Бей, Ос­ман Сарвар Атабек және Диқанлы Хафиз бей еріктілер жасақтарының басында бұл жер­лерде тыныштықты қамтамасыз ету үшін қол­дан келгеннің бәрін жасады. 1918 жылдың аяғы – 1919 жылдың ба­сын­да дашнақтардың арандатулары Грузия мен Армения арасындағы әскери қақтығысқа әкелді. Айта кету керек, Кавказда ХІХ ға­сыр­дың басында ғана пайда болған армяндар гру­зин жерлеріне талап қоя бастады. 1913 жы­лы Кавказ губернаторы граф Воронцов-Даш­ков армяндардың Борчала және Ахал­ка­лаки округтерін Тифлис губерниясынан шы­ғарып, Гюмриге қосу туралы талаптарын тал­қылау үшін арнайы комиссия құрады. 1917 жылы Гюмрин (Александрополь) губер­ния­сын құру және оған Лору облысын қосу ту­ралы мәселе көтерілді. Дәл осы кезеңде Гру­зия мен Әзербайжан жерін қоса алғанда, үш теңіз арасындағы кең аумақта «ұлы Ар­ме­ния» құру идеясы алға шықты. Жағдайдың шие­ленісуі түріктер мен грузиндерді 1917 жы­лы жазда Тбилисиде өткен шаруалар съе­зінде армянға қарсы грузин-мұсылман ода­ғын құруға мәжбүр етті (В.Гурко – Кряжин. Армянский вопрос. Б., 1990, стр. 13). 1919 жы­лы грузин христиан ұйымдары армян бас­шыларын мұсылмандарға қарсы тер­рорды тоқтатуға шақырды. Өз кезегінде аха­лцихе түріктері грузиндерге ең қиын сәт­терде көмектесті, армян терроры кезінде ка­толиктік грузиндерге баспана беріп, олар­ды өлімнен құтқарды. Бір ғана Уде ауылында 1919 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін 180 грузин католигі осылайша құт­қарылды (Л.Бараташвили, К.Бараташвили. Мы – месхи... Литературная Грузия, 1988). 1921 жылы 16 наурызда Мәскеуде Түр­кия мен Ресей арасында жасалған достық келісіміне сәйкес Ахалцихе мен Ахалкалаки уездері орыстарға берілді, кейін Грузин КСР-іне қосылды. Бірақ Кеңес дәуірінің өзінде ар­мяндар бұл аумақты басып алу әре­кет­терінен бас тартқан жоқ. Армяндар Ахал­калаки және Борчалы облыстары негізінде тағы бір армян әкімшілік бірлігін құру туралы ресми талаптар қойды (Н.Насибзаде. Азер­байджанская Демократическая Рес­публика. Б., 1990, стр. 47). Сонымен бірге қо­ныс аударушылар есебінен Ахалкалаки жә­не Ахалцихе аймақтарын біртіндеп ар­мян­дандыру тактикасы жүзеге асырылды. ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Ахальцихе тү­ріктерінің мәдени-экономикалық дамуы кү­шейіп, жаңа мәдени-ағарту орталықтары қа­лыптасып, ұлттық кадрлар өсті, тех­ни­ка­лық-педагогикалық училищелер, саяси ағар­ту курстары ашылды. Омар Фаиг Неманзаде, Ос­ман Сервер бей, Ахмед Пепинов, Мамед Зеки Дурсунзаде, Мамед Али бей, Афзал бей, Мамед Шейхзаде Закавказьенің қоғамдық өмі­рінде көрнекті рөл атқарды. Грузияда тү­рік тілінде шығатын газет-журналдар, оның ішінде Адыгюнде шыққан «Адыгюн кол­хозчусу» (1931), «Гызыл ренджбер» (1933), Ахалцихеде шыққан «Коммунист» (1930), «Багбан», «Сосиализм кянди» (1940) – Аспин­дзеде түркілердің қоғамдық өмірінде прогрессивті рөл атқарды. 1920-1930 жылдары көркемөнерпаздар театр үйірмесі ашылды. 1934 жылы Тбилиси Әзербайжан театрының көмегімен Ибрагим Исфаханлы (Аббас Гаджиев. Тифлисский азербайджанский театр. Б. 1984, с. 138 - 141; Тиф­лисский азербайджанский и Адыгюнс­кий тюркский театры. Б. 2006) жетекшілі­гі­мен Адыгюн колхоз-совхоз театры жұмыс іс­тей бастады. 1920 жылдардың аяғында бұл өлкеде жаңа бес аудан – Адыгюн, Ахалкалаки, Ахис­кин, Аспиндза және Богдановка құрылды. 1939 жылғы халық санағы бойынша Ахал­цихе халқының жартысынан көбі (55 490-ның 28 480-і) түріктер болды. Айта кету ке­рек, бұл статистика объективті емес, барлық есеп­терде Ахыска-Ахалқалақтағы түрік­тер­дің саны төмен бағаланған. Н.Джавахашвили атын­дағы Тарих, археология және этног­ра­фия институтының мәліметі 1939 жылғы рес­ми статистикадан ерекшеленетін нақты сан­дарды береді: Адыгюнь облысында түрік­тер халықтың 80%, Богдановкада – 70%, Ас­пиндзе – 66%, Ахалцихеде – 51% (Маңызды тари­хи фактіні нақтылау үшін қараңыз: «На­циональная образование» газеті, Тби­лиси, 30 шілде 1989 ж., 10-11 б.). Құжаттардан түріктерді бұл жерлерден қуу жоспарының бұрыннан дайындалғанын білуге болады. Осы мақсатта соғыстың ба­сын­да Боржомиден Валеге дейін 70 шақы­рым­дық теміржол желісі тартылды. Түрік­тер­ді қоныстандыру туралы №6279 декрет 1944 жылы 31 шілдеде Мемлекеттік қорға­ныс комитетінде қабылданып, 20 қыркүйек­те 001176 санымен НКВД бұйрығы шықты. Жер аударылғанға дейін түріктер ара­сында оларды қорлайтын үгіт жүр­гізілді, оларды грузин ұлтын қабылдауға көн­діруге тырысты. Бірақ, тіпті грузин дерек­терінде көрсетілгендей, халық мұндай ұсы­ныс­тардан үзілді-кесілді бас тартты, та­мы­ры­на адалдығын білдірді (Маңызды тарихи фак­тіні нақтылау үшін қараңыз: Газета ЦК КП Грузии «Народное образование», 30 июля 1989 г. // Ш. Бадридзе. «Турки-месхетинцы»: как возникала проблема?». Газета «Вечерний Тби­лиси», 25 июля 1989 г.). 1944 жылдың қараша айының басында тү­ріктердің қоныстанған аймақтарын әс­керилер қоршап, 15 қарашада мұнда әс­ке­ри жағдай жарияланғаннан кейін бейбіт ха­лықты еріксіз депортациялау басталды. Бір­неше күннің ішінде 220 ауылдан 125 000 адам – 115 000 түрік, 7 000 күрд және 3 000 хем­шин жер аударылды. Ол кезде Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында 46 мың аха­льцихе түріктері шайқасты, оның 26 мыңы қаза тапты, бірақ соған қарамастан елге оралғандардың барлығы, соның ішінде ер­лігі үшін орден-медальдармен мара­пат­тал­ған жүздеген адам, оның ішінде сегіз Кеңес Одағының батыры жер аударылды. НКВД-ның ресми мәліметі бойынша, 1944 жылдың желтоқсан айының ортасына қа­рай 92 307 адам қуылған, оның 18 923-і ер­лер (қарттар мен мүгедектер), 27 399-ы әйел­дер, 45 085-і 16 жасқа дейінгі балалар. Жер аударылған түріктермен алғашқы эше­лондар 22 күндік жолдан кейін 1944 жылы 9 желтоқсанда Ташкент облысына келді. Үш күнге жететін тамақ алуға рұқсат етілген адам­дар негізінен қираған вагондарда та­мақ­сыз және жылы киімсіз жолға шықты. КСРО НКВД-ның 1948 жылдың маусым айындағы анық бағаланбаған мәліметтері бойы­нша бұл айуандық операция кезінде 14 895 адам қаза тапты. Шындығында, алғаш­қы 6 айда 37 мың адам қайтыс болды, оның ішін­де 17 мыңы балалар (М.Бараташвили. Пра­вовое положение месхов-репатриантов в Грузии. Тбилиси, 1998, с.12). Жер аударыл­ған, жүріп-тұру еркіндігі шектелген, әлеумет­тік және азаматтық құқықтарына зор нұқ­сан келген түріктер Орталық Азия мен Қа­зақ­стан республикаларының ауылдық жер­леріне қоныстандырылды. 12 жыл бойы олар ерекше қоныстанушы мәртебесінде, коменданттық режим жағдайында, толық құқық­сыз және озбырлық жағдайында өмір сүрді. Бірақ мұндай сынақтар мен қиын­шы­лықтар да халықтың рухын түсірмеді. КОКП-ның ХХ съезінен кейін, 1956 жы­лы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Пре­зи­диумының No135/142 қаулысы шығып, Аха­лцихе түріктерінен арнайы қо­ныс­тан­дыруға қойылған шектеулерді алып тастап, олар­ды коменданттық режимнен азат етті. Со­нымен бірге қаулыда шектеулерді алып тас­тау материалдық шығынды өтеуге әкеліп соқ­пайтыны және олар шығарылған жер­лерге оралуға құқық бермейтіні айтылған. Со­лайша, Ахалцихе түріктеріне ұзақ жылдар бойы Кеңес үкіметі толыққанды оңалтуды жасамады. Ахалцихе түріктерінің алғашқы шағын тобы Әзербайжанға 1958 жылы келді. Жал­пы, Әзербайжанға қоныс аудару өз ұлттық мә­дениетін сақтауға және дамытуға, қоғам­дық және саяси өмірге белсене қатысуға, жал­пы бейбітшілік пен достық атмос­фе­ра­сында өмір сүруге мүмкіндік алған бұл ха­лық­тың тағдырында оң рөл атқарды. Әзербайжанды 1969 жылдан бастап басқарған Гейдар Әлиев Ахалцихе тү­рік­терінің мәселелеріне қатты қызығу­шы­лық танытып, олардың өкілдерімен кездесіп, Кеңес үкіметі рұқсат еткен шектерде оларға жан-жақты көмек көрсетуге тырысты. 1973 жылы Саатлы ауданы Вархан ауылында тү­рік­термен кездескеннен кейін Х.Әлиев бұй­рық шығарды, соған сәйкес белгілі бір сан­дағы түрік абитуриенттері университеттерге емтихансыз қабылданады. Бұл қадам халық­тың әлеуметтік және мәдени дамуында үл­кен рөл атқарды. 50-80 жылдары Әзербайжанға барлығы 50 мыңға жуық түрік көшіп келді. 1989 жыл­ғы Ферғана трагедиясынан кейін Өзбек­стан­нан келген босқындардың көпшілігі – ша­ма­­мен 40 мыңдайы да Әзербайжаннан пана тапты, сонымен бірге сол кезде Армениядан келген 200 мың босқынды қабылдады және армяндар басып алған Қарабақтан 800 мың ішкі қоныс аударылғандарды орналастырды. Айта кету керек, Әзербайжанға қоныстанған түріктер атамекеніне оралу үшін белсенді күрес­ті жалғастыруда. Ахалцихе түріктерінің халықтық қоз­ғалысы 80-жылдардың ортасында белсенді­рек болды. Соның нәтижесінде 1988 жылы Мәс­кеуде комиссия құрылып, Ахалцихе ай­ма­ғындағы жағдай туралы ресми баяндама дайындалды. Бұл құжат бойынша облыстағы 220 ауылдың 84-і әлі күнге дейін қаңырап бос тұр, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1944 жылмен салыстырғанда 5 есеге, ал халық саны 59 мың адамға азайған, жердің 70 пайызы пайдаланылмай отыр... 1989 жылы Өзбекстанның Ферғана ал­қабында болған қанды арандатушылықтың кесірінен осы жерді мекендеген түріктер зар­дап шекті. Куәгерлердің айтуынша, аран­датушылар мен ұйымдастырушылардың ара­сында жергілікті тұрғындардың еш­қай­сысы болған жоқ («Ферганская правда», 19.06.1989). Ферғана облысы МҚК басқарма­сы­ның бастығы Н.Песков та қанды қырғынға аз уақыт қалғанда РСФСР-дан аса қауіпті қылмыскерлердің келгені анықталып, қанды оқи­ғалардың алдын ала жоспарланғанын растады («Моя родина – Грузия», Тбилиси, ноябрь 2001, №4, с. 13). Ферғана оқиғасында көз­деген басты мақсаттардың бірі – 1989 жылы сәуірде тәуелсіздік пен бостандыққа ұмтылатындарын ашық жариялаған Гру­зия­ға, Грузия халқына Кремльдің қысым жасауы еді. Алайда ахалцихе түріктері аранда­ту­шылыққа көнбеді, өздерін саяси ойындардың құралы ретінде пайдалануға жол бермеді. Ферғанадағы қайғылы оқиғадан кейін Ахалцихе түріктерінің ұлттық қоз­ғалысы айтарлықтай жанданды. Отанға оралу қозғалысы 1950 жылдардың аяғында қа­лыптасып, түріктердің қоғамдық ұйымы­ның құрылтай съезі 1962 жылы астыртын жағ­дайда өтті. 1990 жылы жалпыұлттық ұйым «Ватан» Ахалцихе түріктерінің қо­ғамы болып өзгертілді. КСРО ыдырағаннан кейін бұл ұйым халықаралық мәртебеге ие бо­лып, 1996 жылы Еуропа халықтарының фе­дералдық одағына қабылданды. 1998 жылғы 7-10 қыркүйекте Гаагада, 1999 жылғы 15-17 наурызда Венада ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы ко­миссары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бос­қындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары және Мәжбүрлі көші-қон жобасының қа­тысуымен Ашық Қоғам институты Әзер­бай­жан, Грузия, Украина, Түркия үкіметтерінің, сондай-ақ Еуропа кеңесінің өкілдері қа­тыс­қан консультациялар ұйымдастырылды. Ұйым­дастырушылар жиынға қатысу­шы­лар­дың барлығын Ахалцихе түріктерінің мә­селесін шешу жолдарын іздестіру мақ­са­тын­да келісілген іс-әрекеттерге шақырды (Ч.Ней­манзаде. Трагедия длиною в 58 лет, «Эхо Плюс», 1 июня 2002 г.). 1999 жылы Еуропа кеңесіне кірген кезде Грузия Кеңес өкіметі жер аударған месхет хал­қы, сондай-ақ Грузия азаматтығын алған мес­хеттік (ахалцихе) түріктерін 12 жыл ішін­­де атамекеніне қайтару мәселесін шешу­ге, оның ішінде репатриация мен интег­ра­ция­ны қамтамасыз ететін заң жобасын әзір­леу бөлігінде ресми міндеттеме алды. Соңғы жылдары түрік халқының Ресейдің Краснодар өлкесінен АҚШ-қа қоныс аударуы мәселесі өзекті бола бас­тады. Бұл алғаш рет 2002 жылы белгілі бол­ды, ал 2004 жылы наурызда АҚШ-тың Ре­сейдегі елшілігі Америкадағы түріктерді қо­ныстандыру бағдарламасының бастал­ға­нын ресми түрде жариялады (http://www.gazetasng.ru). Алғашқы отбасылар АҚШ-қа көшіп кетті. Бірақ жарты миллионға жуық аха­льцихе түріктері тарихи Отанына орал­ған­да ғана проблемаларын шешуге бола­ты­ны­на сенімді. Ал бұл жолдағы басты кедер­гі­лердің бірі – армян факторы болып отыр. Яғни, Грузияда осыдан 150 жыл бұрын пат­шалық Ресей бастаған Месхети мен Джа­ва­хе­тияны жасанды армяндандырудың зар­дап­тары бүгінде толық сезілуде. Армяндардың түріктерге деген фанаттық араз­дығы 1998 жылы 10 қарашада Тби­ли­си­дегі Армян мемлекеттік театрында армян жұрт­шылығымен кездесуге қатысқан Еуропа халықтарының федералдық одағының өкіл­дерін дүр сілкіндірді. Тбилисиге түріктердің жағ­дайымен танысу үшін келген делегация мүшесі С.Червонная өз баяндамасында бұл кез­десуде FSNE (Европа халықтары федераль­дық одағы) делегациясы Түркіфобияға толы бұл ортада ақымақ пікірлер мен идеялардың қалай айтылып жатқанын өз көзімен көруге мүмкіндік алғанын атап өтті.  width=Армян зиялыларының бұл кездесуінде Еуропадан келген қонақтарға Грузияда аз­шы­­лықты құрайтын армян ұлтына қан­ша­лық­ты назар аударылғанын көрсету керек еді (өз театры, газеті, педагогикалық универ­си­тетте армян тілі кафедрасы, радио мен те­­ле­дидарда армян тілінде хабар беру сағат­тары, армян өнер қайраткерлері мен жазу­шы­­ларының марапаттары мен құрметті атақ­тары бар), сондай-ақ түріктерге қарсы дау-дамайға әділ түрде байсалды пікір айт­қан бірде-бір адам болмады. Бұл Грузиядағы армяндардың FSNE делегациясының мүшесі, Федералдық әлеуметтік қамсыздандыру қызметінің вице-президенті Х.Хансеннің «Мес­хетиялық түріктердің қайтып оралу перс­пективасына қалай қарайсыз?» деген сұра­ғына жауап беру кезінде анық байқалды. Грузия президентінің этносаралық қа­тынастар жөніндегі кеңесшісі Алек­сей Герасимов бұл аумаққа армяндардың қо­ныстануын түріктердің туған жеріне қай­тару жолындағы басты кедергілердің бірі деп атады (Бюллетень «Убежище» Ассоциации ООН и УВКБ ООН, 2001, № 3-4). Тағы бір кедергі ретінде Грузияның белгілі бір ғылыми және саяси ор­та­сындағы ұлтшылдық көңіл күй мен стерео­тип­терді атап өткен жөн. Бұл, әсіресе ха­лық­тың этногенезі, оның қазіргі этникалық иден­тификациясы мен терминологиясы мә­селелерінде айқын көрінеді. Құқықтық мә­селені шешуге Грузия халқының қыл­мыстық жолмен депортацияланған бөлігін елге қайтаруға іс жүзінде еш қатысы жоқ кей­бір пікірлер «мәселені шешудің» негізгі шар­тына дерлік айналып отыр. Яғни, түрік, күрд, хемшин болып қуылған адамдар 63 жыл­­­дан кейін «месхи» немесе «түріктенген гру­зиндер» болып атамекеніне оралуы керек екен. Ахалцихе түріктері мұндай әдепсіз көз­қарасқа жол бермейтіні анық. Шын­ды­ғын­да, түріктер өздері күштеп қуылған жері­не қайта оралуға тырысады, бұл олар­дың заңды құқығы, әсіресе бұл үшін демо- г­рафиялық немесе басқа да кедергілер жоқ. Сонымен қатар Грузия демократиялық даму жолына түскен соңғы жылдары бұл мәселеге қоғам мен саяси элитаның көз­қа­расында серпіліс байқалды. Алдыңғы қа­тар­лы грузин зиялыларының ұстанымын біл­діре отырып, құқық қорғаушы Паата Зака­риашвили былай деп жазады: «Месхет түрік­тері өз отанына оралу үшін Грузиядан ақша сұрамайды, олар Грузияға тек оралу құ­қығын қалайды. Олар бізден өтемақы сұра­майды... Халық арасында үрей тудырып отырған біздің ұятсыз саясаткерлеріміз бен ұятсыз депутаттарымыз мәлімдегендей, онда тұратын грузиндерді сол аумақтан қуып жіберуді сұрамайды. Жабық есіктер мәселені шешпейді». Бұл елде болып жатқан демократиялық өзгерістер, үкіметтің ізгі ниеті, Гру­зия, Түркия және Әзербайжан арасындағы одақ­тастық қарым-қатынастар Ахалцихе түрік­тері мәселесінің тезірек шешілуіне жә­не бұл халықтың көптен күткен тарихи Ота­­­нына оралуына үміт ұялатады.

Асиф ГАДЖИЕВ, филология ғылымдарының докторы, профессор