Бейсенбі, 8 Желтоқсан, 2022

Әлем чемпионатындағы кезекті сенсацияны Жапония жасады

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының төртінші ойын күнінде тағы да сенсация тіркелді. Е тобындағы Германия құрамасы Жапонияға жол берді.

Жанкүйерлер Германия құрамасы Жапонияны оңай жеңіп кете алады деген ойда болған еді.

Әлемдік додада төрт мәрте чемпион атанып, бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген неміс футболшылары қай кезде де мықтылар қатарында саналады.

Бұл кездесу барысында да Аргентина және Сауд Арабиясы кездесуіндегі жағдай қайталанды.

Алдымен Германия құрамасынан 33-минутта Илкай Гюндаган пеналтиден есеп ашқан еді.

Екінші кезеңде Жапония қарсыластың қарқынына лайықты төтеп бере білді.

Есесіне қарымта шабуылда гол соғатын мүмкіндік іздеді. Нәтижесінде 75-минутта Рицу Доан таразы басын теңестірсе, Такума Асано 83-минутта Жапонияны алға шығарды.

Бұл топтағы Испания мен Коста-Рика кездесуін елорда уақытымен 22:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады

Айта кетсек, бүгін F тобындағы Марокко мен Хорватия құрамалары тең түсті

Аталған топтағы Бельгия мен Канада кездесуі «Qazsport» телеарнасынан елорда уақытымен 01:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!

1XBET компаниясы баталияларды бірге бақылауды ұсынады және ойыншыларға жоғары коэффициенттер, сондай-ақ кең желі ұсынуға кепілдік береді!

Өз фавориттеріңізге футбол эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге жанкүйер болыңыз!

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button