Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының Instagram желісіндегі аккаунты жасанды комадан шыққан соң алғаш рет жаңартылды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Спортшының Instagram Stories-інде балаларының суреттері жарияланды. Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 6 қарашада WBA Regular атағы үшін жекпе-жекте кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Өткен аптада отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.
Жүктелуде...