Астана қаласы бойынша 768 мыңнан астам сайлаушы тіркелді – Бақыт Бектемісова

Астана қаласы бойынша 768 мыңнан астам сайлаушы тіркелді – Бақыт Бектемісова

Астана қаласы бойынша 768 мыңнан астам сайлаушы тіркелді – Бақыт Бектемісова
ашық дереккөзі
Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова алдағы өтетін сайлауға қатысты соңғы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, қазіргі таңда сайлау учаскелерінде дайындық барысы толық аяқталуға жақын.
«Елордада 406 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 68-і Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің жанында орналасқан. Халықтың көп болуына байланысты 59 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Елордада 768 мыңнан астам сайлаушы тіркелді. Сайлаушылар өз учаскілерін онлайн түрде іздеп таба алады. Ол үшін арнайы сервистер қосылған. Кейбіреуі 109 нөміріне қоңырау шалып, біліп жатыр. Бұл халықтың белсенділігі жақсы екенін көрсетеді», – деді ол «Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңындағы баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ тұрғылықты тіркеуі жоқ астанлық сайлаушылар үшін 23 сайлау учаскесі ашылды.
 «Түрлі жағдайларға байланысты тұрғылықты мекен-жайы бойынша әлі тіркелмеген тұрғындар бар. Оларға да сайлауға қатысуға мүмкіндік қарастырылған.  Ол үшін бір реттік тіркеуден өту керек. Мысалы Елордадағы 23 сайлау учаскесінде осындай сервис іске қосылған. Қала тұрғындары сол жерде тіркеу туралы өтініш қалдыруы тиіс», – деді Бектемісова.
Дауыс беруші байқаушылар мен сайлау бойынша комиссия мүшелерінің  жұмысына кедергі келірмеуі тиіс. Яғни дауыс беру барысында кабинаның ішінде сізден басқа ешкім болмау қажет. Бір кабинаға бір адамнан артық кіргізілмейді. Тыйымға құлақ аспаған азаматтарға этикалық комиссия мүшелері ескерту жасауы мүмкін. Ал шетелде жүрген азаматтар Қазақстанның елшіліктерінде дауыс береді. Айта кету керек, сайлауда азаматтардың  дауыс беру құқығының бұзылмауын байқаушылар бақылайтын болады. Орталық сайлау комиссиясына 641 байқаушы тіркелген.  Оның ішінде 10 халықаралық ұйымнан 532 байқаушы,  және 35 шет мемлекеттен 109 байқаушы қатысатын болады.