Латвиядағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі Әнұраны қосылды (ВИДЕО)

Латвиядағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі Әнұраны қосылды (ВИДЕО)

Латвиядағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі Әнұраны қосылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Латвияда өтіп жатқан спорттық биден әлем чемпионатында Қазақстанның ескі Әнұраны қосылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы спорт шолушысы Айдос Рымқұл Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Латвияда спорттық биден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста жастар арасында сынға түскен  отандастарымыз Максим Жиленков пен Арина Молочникова спорттық бидің қоссайыс түрінде қарсылас шақ келтірмей әлем чемпионы атанды. Десе де марапаттау салтанатында масқара жағдай болды. Еліміздің қазіргі  Әнұранының орнына 1991-2006 жылға дейінгі гимніміз ойналды. Әнұранның ауысқанына 16 жыл болса да, масқара жағдай қайталануда. Жауапты спорт функционерлеріне де бәрібір сияқты. Қайбір жылы мен Спортты дамыту дирекциясында жұмыс істегенде шетелдік жарысқа шыққан әрбір командаға еліміздің мемлекеттік Әнұраны мен Туын қосып жіберу баспасөз хатшысына жүктелетін. Қазір қалай екенін білмеймін. Десе де мына жағдайды бей-жай қалдыруға болмайды», – деді А.Рымқұл.