Хэнань провинциясының Аньян қаласындағы зауытта болған өрттен 36 адам көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.
Аньян қаласындағы кәсіпорында өрт 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша 16:22-де болған. 3,5 сағаттан кейін ғана өрт сөндірушілер өртті бақылауға ала алды. Сағат 23:00-де өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні сағат 06:10-дағы жағдай бойынша өрт салдарынан 36 адам қаза тапты, екеуі хабар-ошарсыз кеткен, тағы екі адам жеңіл жарақат алды. Оқиғаның себебін анықтау үшін өрт болған жерде тергеу амалдары жүріп жатыр.