Талайдың жүрегін тербеген «Нурикамал» әні қалай жазылды?

Талайдың жүрегін тербеген «Нурикамал» әні қалай жазылды?

Талайдың жүрегін тербеген «Нурикамал» әні қалай жазылды?
ашық дереккөзі
Әр туындының өз тарихы бар. Ол сонысымен құнды, сонысымен ерекше. Талайдың жүрегін елжіретіп, көңілінің төрінен орын алған тамаша әндердің бірі деп композитор Тұрдықылыш Ізтаевтың «Нурикамалын» айтуға болады. Ендеше, осы бір көркем дүниенің қалай жазылғаны жайында turkystan.kz сайтынан оқыңыз.  «Дара жол» бағдарламасында белгілі композитордың жары, ақын Ханбибі Есенқарақызы әннің шығу тарихы туралы айтып берді.
«Біз көктемде бала-шағамызды ертіп, достармен табиғат аясына шықтық. Үш қызыммен гүл теріп жүргенде жолдасыма көзім түсті. Бір төбешікте темекіні бұрқыратып тұр екен. «Мынаған не болды?» деп ойладым. Көп өтпей самаурын да қайнады. Тұрдыекең шайдың алдында Нурикамалды биге шақырды. Ол бас тартты.  «Менің күйеуім шақырғанда биге шықпайтын бұл қандай әйел?» деп таңырқадым. Сосын жолдасымның ғашық болғанын аңғардым. Сол күні табиғат аясына бірге барғанымызбен, қайтуымыз бөлек болды. Үйге келген соң жатын бөлмеде балалармен жаттым. Кенет пианиноның дауысын естідім. Бір ерекше әннің өмірге келгенін сездім. Жолдасым оны қайта-қайта ойнады. Әні бар, бірақ сөз жоқ. Тек ыңыл ғана. Сосын жолдасымның бөлмесіне барып, одан қалам мен қағаз сұрадым. Тұншығып, жарыққа шыға алмай жатқан сөзін жазбақ болдым. «Аспандағы ай ма дедім, Жастық шағым қайда менің? Жүрегімді елжіреткен, Жаным, қандай жайдары едің», - деген өлең жолдары ойыма келді. Қағазға түсірдім. «Осы ма айтқың келгені?» дедім. Ол «осы» деп қысқа қайырды. Сосын ғашық болған адамының есімін сұрадым. «Нурикамал, Камалым-ай, Күндей ашық жанарың-ай, Қолым жетпей, сөзім де өтпей, Жаутаңдадым, қабағыңа-ай, қарағым-ай» деп жаздым. Әуеніне сөзі үйлесе кетті. Ары қарай тағы екі шумағын қағазға түсірдім. Сосын ол әнді мәтінімен бірге айтып көрді. Ұнатты, маған да ұнады. Кейін арада біраз уақыт өткен соң мен Нурикамалға бұл әннің өзіне арнап жазылғанын айттым. Ол кезде біз онымен дос ретінде араласатынбыз», - деді Ханбибі Есенқарақызы.
[caption id="attachment_204773" align="alignnone" width="1202"] width= Ханбибі Есенқарақызы және Нурикамал Сейітжанова[/caption] Айта кетейік, туынды 1988 жылы жарық көрді. Әнді алғаш рет Құрман Шойынбеков есімді әнші орындаған. Уақыт өте келе Фариза Оңғарсынованың сұрауымен Кенжеғали Мыржықбаев шырқап жүрді. Қазір бұл ән халыққа Жұбаныш Жексеннің орындауында танымал. [caption id="attachment_204776" align="alignnone" width="1202"] width= Тұрдықылыш Ізтаев[/caption] Нурикамал Сейітжанова лауазымды қызметтегі сұлу бойжеткен болған. Ол Торғай облысының Мәдениет басқармасында 20 жыл жетекшілік етіп, кейін Шымкентке лауазымды қызметке шақырылған. Нурикамалдың Тұрдықылыш Ізтаев пен Ханбибі Есенқарақызымен таныстығы сол қалада басталады. [caption id="attachment_204777" align="alignnone" width="1202"] width= Ханбибі Есенқарақызы[/caption]