Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлығы шықты деп хабарлады turkystan.kz  Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы 2022 жылғы 21 қараша ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқаны үшін наградталсын: «Құрмет» орденімен Ибраимов Дәулет Дулатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы; Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – «СК КВS» ЖШС директоры; Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы – «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры; III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Владимирова Оксана Рашитовна – «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ аға прорабы; Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы – «БК-Строй» ЖШС тас қалаушысы; «Ерен еңбегі үшін» медалімен Арыққұлов Ерболат Болатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС бригадирі; Әбдіков Дархан Жәнібекұлы – «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары; Бекжанов Тайыр Ренатұлы – «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры; Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы – «Парасат Строй Проект» ЖШС директоры; Ким Сергей Романович – «БК-Стройпром» ЖШС директоры. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2022 жылғы 19 қараша № 1076