«Халықтың сенімі жоғары болғандықтан, сайлауға барып жатыр» – Мансұрхан Махамбетов

«Халықтың сенімі жоғары болғандықтан, сайлауға барып жатыр» – Мансұрхан Махамбетов

«Халықтың сенімі жоғары болғандықтан, сайлауға барып жатыр» – Мансұрхан Махамбетов
ашық дереккөзі
Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов сайлауда азаматтардың белсенділік танытуы сенімнің барын көрсететінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін Қазақстан халқы өз таңдауын жасап жатыр. Құбылып өршіп тұрған төрткүл дүниені жіті бақылап көріп отырған дана халқымыз сайлаудан сырт қалмай, бір адамдай дауыс беріп жатыр. Бұл – бірінші кезекте үлкен сенім. Бұл барлығынан бұрын халықтың қалауымен сайланатын ендігі Президенттің жауапкершілігі деп білемін. Алдағы жеті жылда халқымызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, елдің амандығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға күш салу қажет», – деді ол.