Жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған несие шарттары белгілі болды

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған несие шарттары белгілі болды

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған несие шарттары белгілі болды
ашық дереккөзі
Микрокредит 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беріледі деп хабарлады turkystan.kz. Қарызды 5 миллион теңгеге дейін 2,5%-бен алуға болады. Несие алатын уақытта үміткердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс. Жастарға арналған жеңілдетілген кредит «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы беріледі. Қазір Ашық үкімет порталында құжат жобасы екінші желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Шағын несие беруді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган іске асырады.