Ғалымдарды қолдау үшін «Жас ғалым» жобасы іске асырылады

Ғалымдарды қолдау үшін «Жас ғалым» жобасы іске асырылады

Ғалымдарды қолдау үшін «Жас ғалым» жобасы іске асырылады
ашық дереккөзі
Ғылымды дамудың жаңа деңгейіне шығару қажет. Өйткені, өкінішке қарай елімізде ғылымды басқару ісі жолға қойылмаған. Бүгінде отандық ғылымда жас ғалымдардың саны көп емес. Дамуға серпін беретін әлеуетті ғылыми институттар да өте аз. Отандық ғылымды дамыту мәселесін бақылауына алған Президент саладағы күрмеуі шешілмеген мәселелерге тоқталған еді. «Егер әлемдік дамуда көш соңын­да қалмаймыз десек, ең алдымен, ғы­лымды дамытуымыз керек. Сон­дық­тан ұлттық ғылымды жаңа дең­гей­ге көтеретін мезгіл жетті. Жа­сыра­ты­ны жоқ, қазір ғылыми атағы бар, бір­ақ ілім-білімге мүлде қатысы жоқ адам­дар көбейіп кетті. Елімізге өмір жо­лын ғылымға арнаған, нақты ғы­лыми жетістігі бар адамдар керек. Отан­дық ғалымдар құрамын жаңар­ту қажет. Бұл – уақыт талабы. Нағыз ғы­лымға мүлдем қатысы жоқ адам­дар­дан арылуымыз қажет. Олардан еш­қандай пайда жоқ, ғылымға кері әсері тиеді. Сондықтан Ғылым ака­де­мия­сына ғылымға жаны ашитын, ғы­­лыми әлеуеті зор азаматтарды ға­­­на көптеп тарту қажет», – деді Мем­­­­лекет басшысы. Сонымен, Президент сынынан кейін салаға серпін беретін қан­­­­дай бастамалар қолға алынып жа­тыр? Жалпы, елімізде ғылымның әлеуе­тін арттыруға не кедергі? Бұл тура­лы Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі Ғылым комитеті төра­ға­сының орынбасары Думан Рымға­лиұ­лынан сұраған едік. – Қазір еліміздегі 400-ден ас­там маман «Ғалымдар» санаты бойын­ша шетелдік үздік жоғары оқу орындары мен орта­лық­та­рын­да тағылымдамадан өтіп жа­тыр. Сұранысқа ие маман­дық­тар бойынша тәжірибе жинап жат­қан мамандарға қандай жағ­дай жасалған? – Мемлекет басшысы 2020 жыл­ғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қа­зақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қа­­­зақстан халқына Жолдауында әлем­­нің жетекші ғылыми орта­лық­та­рында тағылымдамадан өту үшін ға­лымдарға 500 грант бөлу туралы тап­сырма берді. Оны іске асыру мақ­са­­тында Қазақстан Мемлекеттік хат­­­шысының төрағалығымен Шет­ел­де кадрлар даярлау жөніндегі рес­пуб­ликалық комиссияның оты­ры­сында 2021 жылдан бастап 2025 жыл­ға дейін 5 жыл ішінде жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы шең­берінде стипендиялар санын ұлғайту туралы шешім қабылданды. 2021 жылғы конкурс нәтижесінде әлем­нің 24 еліне 148 ұйымға ғылыми та­ғылымдамадан өту үшін 416 ға­лым­ға стипендия тағайындалған. Ғалымдарға тағылымдамаға ор­наластыру және шығу ал­дын­дағы әңгімелесу процесіне бел­сен­ді көмек көрсету, тағылымдама құ­нын толық төлеу, медициналық сақ­­тандыру, әуебилеттер, оқу мате­риал­дары, сондай-ақ тұрғын үйді жал­ға алу және тамақтандыру бойын­­­ша жағдай жасалған. Сонымен қатар әрбір стипендиатқа шетелдік тағы­лым­дамаға мониторинг және туын­дай­тын мәселелерге жылдам жауап бере­тін орталықтан куратор бөлін­ген. – Елімізде жас ғалымдардың са­ны аз. Мұның ең басты себебі не­де деп ойлайсыз? – 2021 жылғы есеп бойынша, ғы­лыми зерттеу және тәжірибелік-конс­трукторлық жұмыстарды жүзе­ге асы­ратын мекемелер саны – 438. Оның ішінде мемлекеттік секторға жа­татындар саны – 101, жоғары кә­сіп­тік білім беру секторында – 95, кә­­сіп­керлік – 202 және коммерция­лық емес секторда – 40. Ұлттық ста­­тис­тика бюросының деректеріне сәй­кес, Қазақстанда аталған ұйым­­дар­­да 21 617 ғалым жұмыс іс­тейді. Зерт­­теушілердің 35 пайызы ғы­лыми не­месе академиялық дәре­жеге ие. Ғалымдардың 35 пайызы 35 жас­қа дейінгілер, 42 пайызы 35 пен 54 жас аралығында, 23 пайы­зы 55 жастан асқан. Жоғары білікті ғалымдарды даярлау кадрлық әлеуетті да­мытуда маңызды рөл атқарады. Жыл сайын Қазақстан білім беру ұйым­дарын орта есеппен 905 док­торант, 20 мыңға жуық магистрант бітіріп шығады. Ғылыми кадрлар әлеуе­тінің күрт төмендеуі ғалым­дар­дың жалақысына байланысты болып отыр. Жалақы үш жылда бір рет өт­кізілген конкурстарда жеңіске жет­кен жағдайда ғана төленетін. Басқа жағ­дайда ғалымдар саладан немесе ел­ден кетуге мәжбүр болды. 1990-2000 жылдары рес­пуб­ли­ка­дағы ғылыми-технологиялық са­ла­ның құлдырауы, көптеген тәжіри­бе­лік өндірістен, жобалау инс­титут­тарынан айырылып қалу, кадрлардың кетуі, ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру кө­­­лемінің жеткіліксіздігі рес­пуб­ли­каның зияткерлік әлеуетінің төмен­деуі­не алып келді. Бұл әлеуетті қал­пы­на келтіру, оны әлемдік бәсекеге қа­білеттілік деңгейіне шығаруға біраз уақыт керек. Бұл – ұзақмерзімді сипаттағы ғылыми-технологиялық дамуды тиімсіз жоспарлаудың сал­дары. Кадрлық әлеуетті өрістету жә­не ғалымдардың сындарлы мас­сасын қалыптастыру үшін кор­пора­тивтік басқаруды, қаржылан­дыру­­дың икемді жүйесін және бас­қарушылық дербестікті енгізу, көш­басшыларды, оның ішінде жас ға­лым­дарды қолдау арқылы дамыту өзек­ті мәселе. – «Ғылымы жоқ елдің бола­ша­ғы бұлыңғыр» деген. Осы орайда ға­лымдарды қолдауға арналған қан­дай жобалар жүзеге асыры­лып жатыр? – Ғалымның әлеуметтік мәр­те­бе­сін арттыру үшін жетекші ғалым­дар­ға арналған әлеуметтік жеңілдіктер пакеті пысықталды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғы­­лыми-техникалық әлеуеттің, ғалымдардың, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жыл сайын гранттық қаржыландырудың әралуан түрлеріне арналған кон­курс­тар өткізіліп жатыр. Жас ғалымдардың ғылымға келуін ынталандыру үшін жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми ор­талықтарына қазақстандық 500 ғалымды тағылымдамаға жіберу, ака­демиялық жазылымға, ағылшын ті­ліне, цифрлық дағдыларға, ғылыми өтінімдерді әзірлеуге және басқа да қа­жетті құзыреттер мен дағдыларға оқы­ту, ғылыми ұйымдарға шетел­дер­де жұмыс істейтін қазақстандық­тар­ды тарту, заманауи ғылым менед­жер­ле­рін даярлау бойынша кешенді шара­лар іске асырылатын болады. Инженерлік білімге және тех­ника мен технологияларды ака­демиялық зерделеуге қатысты жұ­мысты күшейту, сондай-ақ пост­док­торанттарды ғылымда тұрақ­тан­дыру және университеттер мен ғы­лыми ұйымдарға жас кадрлардың ағы­нын ұлғайту мақсатында «Жас ға­лым» жобасы іске асырылады. Жо­ғары оқу орындары мен ғылыми ұйым­дардың интеграциясы арқылы ма­гистрлер мен философия док­тор­ларын (PhD) даярлау жалғасады. Осы бағыттағы және өзге де іс-шаралардың нәтижесінде ғы­лыммен айналысатын зерттеу­ші­лер санын 2026 жылға дейін 52 пайыз­ға дейін арттыру жоспарланып отыр. – Жақында министр Саясат Нұрбек елі­міз­дегі ғылыми зерт­ха­наларды ара­лап, әбден тозығы жеткенін көз­­бен көрді. Енді бұл мәселе қа­лай шешіледі? – Мемлекет басшысының тап­сыр­­­масына сәйкес 2020 жылдан Ғы­­­­лым комитетінің ғылыми ұйым­да­­рын жаңғырту және инсти­ту­цио­налдық дамыту ісі басталды: 800-ге жуық заманауи жабдық сатып алын­ды. Жану проблемалары инс­ти­ту­ты­ның (1987 жылы салынған), Зоология инс­титутының, Маңғышлақ бота­ни­калық бағының ғимараттарына күр­делі жөндеу жүргізу үшін жо­ба­лау-сметалық құжаттамалар әзір­ленді. 2021 жылы 16 ғылыми-зерттеу институтына 792 жабдық сатып алын­ды. Биыл ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға және күрделі жөндеу жүр­гізуге республикалық бюджеттен 15 ғылыми ұйымға 2,9 млрд теңге бө­лінді. Қазақстанда университеттердегі ғы­лыми-зерттеу қызметі ғылыми ор­талықтар мен институттар база­сын­да ұйымдастырылған. Онда төрт жүз­ден астам зертхана жұмыс іс­тей­ді. Ғылыми-зерттеу институттары жә­не университеттер базасында ұжым­дық пайдаланудағы 20 зерт­ха­на жұмыс істейді. Бұл зертханалар отан­дық және шетелдік ғалымдарға ғы­лыми зерттеулер жүргізуге қо­лайлы. Ғылыми ұйымдар мен уни­вер­си­теттерді материал­дық-тех­ни­калық тұрғыдан жарақтандыру жұ­мысы ары қарай жалғасады. Бұл рет­те трансформация жұмыс істеп тұр­ған ғылыми ұйымдардың ғылыми инфрақұрылымын жаңғырту, кор­по­ративтік басқаруды, икемді қар­жы­лан­дыруды және басқарушылық дер­­бестікті енгізу жолымен жүр­гі­зі­летін болады. Hi-Tech бағыт­та­рын­да­ғы жаңа зертханаларды ынталандыру үшін трансұлттық компанияларды қоса алғанда, R&D зертханаларын дамыту жоспарда бар. Ғылыми ұйымдар мен уни­вер­ситеттерде тәжірибелік-конс­трук­торлық жұмыстар үшін инф­ра­құры­лымды (конструкторлық бюро­лар, инжинирингтік орталықтар, тех­нопарктер) дамыту жөнінде шаралар қабылданады. Бұл ретте Назарбаев университетінің ұлттық зертханалары мен технопаркінің тәжірибесі негізге алынады. Халықаралық практиканы ес­кере отырып, елдің ғы­лыми-зерттеу инфрақұрылымын жаң­ғырту үшін ғылыми ұйымдардың ма­териалдық-техникалық базасын «Ме­гагранттар» бөлу арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. «Мегаг­рант­тар» шеңберінде гранттық қар­жы­ландыру бойынша көзделген қа­ра­жат шегінде ірі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін заманауи жабдықтар мен аспаптар сатып алуға болады. – Алдағы уақытта ғылымның қай саласына ерекше көңіл бөлі­не­ді? – Ғылыми зерттеулерді іске асыру Жоғары ғылыми-техникалық ко­­миссия бекіткен ғылымды да­мы­ту­дың 10 басымдығы негізінде жү­зеге асырылады. Әрқайсысына жеке тоқталайын: 1) су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пай­да­лану, экология; 2) геология, ми­нералды және көмірсутекті ши­кі­зат­ты өндіру және қайта өңдеу, жаңа ма­териалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйым­дар мен конструкциялар; 3) энер­гетика және машина жасау; 4) ақ­параттық, коммуникациялық жә­не ғарыштық технологиялар; 5) жа­ра­тылыстану ғылымдары сала­сын­да­ғы ғылыми зерттеулер; 6) өмір және ден­саулық туралы ғылым; 7) білім және ғылым саласындағы зерттеулер; 8) әлеуметтік және гуманитарлық ғы­лымдар саласындағы зерттеулер; 9) агроөнеркәсіптік кешенді орнық­ты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; 10) ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс. Қазақстанның ұзақмерзімді даму мақсатына және жаһандық тренд­тер­ге сәйкес медициналық-биоло­гия­­лық ғылымдар мен биотех­но­ло­гиялар, IT және «жасанды интеллект», аграр­лық ғылымдар, «жасыл техно­ло­гиялар» және энергия тиімділігі, тау-кен металлургия кешені сала­сын­дағы ғылыми зерттеулер мемлекеттің бас­ты назарында болады. Сонымен бірге техникалық ба­ғыттар бойынша маман­дар­дың жетіспеушілігін шешу мақ­са­тында Мемлекет басшысының тап­сыр­­масына сәйкес техникалық және IT бағытындағы гранттарды 40 пайыз­­дан 60 пайызға дейін көбейту жө­­нінде шаралар қабылданып жа­тыр. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ