Елордада «Qaiyrymdylyq jarshylary» форумы өтті

Елордада «Qaiyrymdylyq jarshylary» форумы өтті

Елордада «Qaiyrymdylyq jarshylary» форумы өтті
ашық дереккөзі

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» бірінші республикалық еріктілер форумы өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Форум жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы мен дін қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірлердегі өкілдері мен еріктілер қатысты. Қасиетті Құран аяттары оқылып, Бас мүфти ел амандығы үшін дұға жасап, іс-шараның сәтті өтуін тіледі. Сондай-ақ ол дін жолында ерікті түрде қызмет етудің маңызы мен сауабын айрықша атап өтіп, әсіресе жастардың табандылығы қайырымдылық істерінде ерекше көрініп тұратынын тілге тиек етті. Форум барысында ҚМДБ Төрағасы қайырымдылық жұмыстарының үздіктерін марапаттады. «Үздік қайырымдылық жоба» номинациясы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы жауапты өкілі Темірбек Пернебекұлы марапатталса, «Жыл жанашыры» номинациясы Оксана Шумейкоға табысталды. Оксананың Қостанай облысындағы төтенше жағдай кезінде «Зекет және қайырымдылық» қоры құрған арнайы штабында күні-түні қызмет істеп, Әулиекөл ауданы тұрғындарына жедел көмек беруге атсалысқанын ерекше атай кеткен жөн. Айта кетейік, форум барысында «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» еріктілерінің тұғырнамасы», «еріктілер күні» және еріктілердің жылдық жоспары бекітілді. Сондай-ақ «Үздік қайырымдылық жоба» таңдалып, «Жыл жанашыры» анықталды және «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қазіргі таңдағы атқарылып жатқан жобаларды таныстырып өтті.