768 мың елордалық сайлауға қатысады (ВИДЕО)

768 мың елордалық сайлауға қатысады (ВИДЕО)

768 мың елордалық сайлауға қатысады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Кеше Орталық сайлау комиссиясының көшпелі семинар кеңесі сайлау учаскелерінің дайындығын пысықтады деп хабарлады turkystan.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап. Елордада – 407 сайлау учаскесі науқанға дайын. Биыл тұрғындар санының артуына байланысты тағы 59 жаңа дауыс беру орны ашылған. Аумақтық сайлау төрағасының мәліметінше, биыл 770 мыңға жуық елордалық Президент сайлауына қатысуға ниетті.
«Учаскелердің бәрі безендіріліп, учаскелердің көпшілігі дайын тұр. Нақты тізіммен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сайлаушылар өздерін тізімде нақтылап жатыр. Оның сыртында бірнеше сервистік қызмет көрсетіледі. Онлайн тәртібінде. Әр сайлаушы өзінің учаскесін іздеп, тауып алуына болады», - деді Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт БЕКТЕМІСОВА.