16 қарашада футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары кездеседі

16 қарашада футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары кездеседі

16 қарашада футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары кездеседі
ашық дереккөзі

Футболдан Қазақстан және Өзбекстан құрамалары 16 қарашада жолдастық кездесу өткізеді деп хабарлады turkystan.kz.

Кездесу Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өтеді.

Жолдастық кездесу жайында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев пікір білдірді.

«Өзбекстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне дайындық үшін жақсы қарсылас деп санаймын. Жаттықтырушылар штабы үшін көп мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Өзбекстанда сапалы футболшылар көп. Сол себепті осы ойында Еуропа чемпионатының алдағы іріктеу кезеңінде үміт артатын футболшыларды бір тексеріп аламын деп ойлаймын. Өте қызықты ойын болады деп үміттенемін», - деді ол.

Айта кетсек, екі елдің құрамалары бұған дейін алты рет кездесті.

Оның екеуінде Өзбекстан жеңіске жетсе, біріде Қазақстан басым түсті. Ал үш ойын тең аяқталды.